Саясат • Бүгін, 09:00

Конституцияда адам капиталы – негізгі басымдық

10 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Аида Балаеваның жетекшілігімен «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері бірқатар кездесу өткізді.

Конституцияда адам капиталы – негізгі басымдық

Аталған топ алдымен Петропавлда білім, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті. Іс-шараға Сенат төрағасының орынбасары Ольга Перепечина, Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы фракциясы жетек­шісінің орынбасары Ерлан Саиров, «Қазақстан қоғамдық даму институты» басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті директорлар кеңесінің төрағасы, Астана қаласы мәс­лихатының депутаты Талғат Дүйсеков, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті директорлар кеңесінің төрағасы Ғалым Байтоқ және басқалар қатысты.

Жиында Аида Балаева жаңа Конс­ти­туцияның түпкі философия­сы адамға, азаматтардың игілігіне бағдар­ланғанын атап өтті.

«Жаңа Конституцияда адам капиталы ел дамуының басты басымдығы ретінде айқын белгіленген. Жаңа эконо­микалық өсу моделінде адам капита­лының сапасы, оның кәсіби біліктілігі мен жаһандық бәсекеге қабілеттілігі шешуші рөл атқарады. Ғаламдық эко­номикалық дағдарыстар мен геосаяси сын-қатерлер күшейген жағдайда елдің тұрақтылығы мен гүлденуі ең алдымен білімді ұлтқа, мықты ғылыми әлеуетке және инновациялық ойлау қабілетіне негізделеді. Осылайша, жаңа кезеңде мемлекеттің дамуындағы басты өлшем – адамның білімі, ғылыми ізденістері мен шығармашылық әлеуеті. Білім, ғылым, мәдениет және инновация салаларына ерекше көңіл бөлінді, ал ұлттық мәдениетті қолдау және тарихи-мәдени мұраны сақтау Конституцияның негізгі қағидаттарына айналды. Конституция жобасында адамға бағытталған тәсіл айқын көрсетілгені және «білім», «ғылым» және «инновациялар» сияқты маңызды құндылықтардың алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілгені өте маңызды», деді А.Балаева.

Сенат депутаты Ольга Перепечина Қазақстан жаңа саяси даму кезеңіне қадам басып, бұл реформа қоғамның кең қолдауына ие болып, барлық басқару жүйесін сапалы жаңартуға мүмкіндік ашатынын атап өтті. Оның айтуынша, жаңартылған Конституция білім, ғылым және ұлттың шығарма­шылық әлеуетін дамытуға құқықтық негіз қалыптастырады.

«Ата заң жобасында мемлекеттік оқу орындарында тегін бастауыш және орта білім алуға кепілдік береді. Бірақ білім сапасы маңызды. Білім ғылымның, инновациялардың және адам капиталының негізі ретін­де қарас­тырылады. Ғаламдық бәсеке­лестік­те білім жеңеді. Сон­дық­тан мемле­кет мұғалімдерді қолдау­ға, оқу бағ­дарламаларын жаңарту­ға, цифр­лық сауатты, сыни ойлауды және жас­тардың шығармашылық дағды­ла­рын дамытуға мүдделі», деді О.Перепечина.

Ерлан Саиров елімізде жүргізі­ліп жатқан саяси реформалар демокра­тия­­лық институттарды ны­ғайтуға және қоғамдық сананы дамы­туға бағыттал­ғанын айтты. Ол жаңа Конституция жобасы Қазақстанның сая­си жүйесін ХХІ ғасырдың талаптарына бейімдеу жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Отырыста Жұлдызай Ысқақова жаңа Конституция жобасы заманауи қоғам­дық және құндылық бағдар­ларды көрсе­тетінін айтты. Оның айтуынша, бұл құжат нағыз қоғамдық келісімшарт ретінде қалыптасып, қоғамның бірлігі мен консенсусы негізінде жасалмақ.

Бұдан соң жалпыұлттық коали­ция мүшелері «Петропавл электротех­никалық зауытының» еңбек ұжымы­мен кездесіп, Ата заң жобасын түсін­дірді. Жиында жаңа Конституция жобасы мен алдағы референдумға қатысты елеулі пікірлер айтылды.

Аида Балаева заманауи өндіріс үшін цифрландырудың, экология­лық жауапкершіліктің және адам капиталын дамытудың маңызына тоқталып, аталған басымдықтар жаңа Конституция жобасында көрініс тапқанын жеткізді.

«Бұл адам үшін де, өндіріс үшін де маңызды. Себебі деректер қауіпсіз­дігі, үдерістердің тұрақтылығы мен сенім күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Қазіргі заманғы зауыт үшін цифр­­ландыру мен автомат­тандыру – тек тиімділік емес, сон­дай-ақ жауап­­кершілік, технологиялық үдерістерді қорғау, басқарушылық, сенім мен сапаның кепілі. Табиғатқа жанашырлық, еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік стандарттарды сақтау да айрықша мәнге ие. Қазіргі экономика технологиялық дамуды және экологиялық жауапкершілікті талап етеді. Конституцияда бекітілетін құндылықтар ортақ бағдарды айқын­дайды. Қарқынды даму заманында да адам құрмет көрсетуі, заң мен тәртіпке адал болу және болашақ алдындағы жауапкершілікті сезінуі қажет. Сонымен қатар адам капиталы – білімді, ғылымды, инновацияларды дамыту басымдығы ерекше аталып өткен. Электртехникалық сала үшін бұл қағидаттардың мәні зор. Заманауи өндіріс құзыреттілікке, инженерлік ойлауға және сапа мәдениетіне сүйе­неді», деді вице-премьер.

Мәжіліс депутаты, Ерлан Саиров жаңа Конституцияның негізгі ерек­шеліктерінің бірі – оның мемлекеттік тілде, яғни қазақ тілінде жазылғанын, сондай-ақ дәстүрлі мәде­ниетті сақтау мен ұлттық құндылық­тарды қорғау туралы нақты нормаларды қамтитынын сөз етті.

«Қазақта «Елу жылда ел жаңа» деген нақыл бар. Кейінгі жылдары елде түбегейлі өзгерістер жүргізіліп, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Сондықтан жаңа Конституцияға XXI ғасырдың заманауи үрдістері мен бағыттары енгізілді. Сонымен қатар мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері толық сақталады», деді депутат.

«Зенченко и К» директоры Генна­дий Зенченко жүргізіліп жатқан реформаларға еңбек ұжымда­ры­ның белсенді қатысуының маңызы­на тоқталып, елдегі өзгерістер азамат­тардың сұраныстарына тікелей байланысты екенін айтты.

Кездесу соңында зауыт қызметкер­лері сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ референдум әрбір азаматқа ел болашағына өз үле­сін қо­суға мүмкіндік беретін маңыз­ды қадам екені атап өтілді. Әр азамат­тың өз ұстанымын білдіруі қоғам­дық жауап­кершілікті арттырып, мемлеке­тіміздің дамуына оң әсерін тигізері анық.

Сонымен қатар жалпыұлттық коали­ция мүшелері Петропавлдағы «Qyzyljar сreative сenter»-де жастармен және волонтерлермен кездесті. Онда Аида Балаева елдің жаңа даму моделінде креативті индустриялардың маңызын сөз етіп, бұл бағыттағы ба­сым­дықтар құжатта көрініс тапқа­нын айтты.

«Креативті индустрияны дамы­­ту – мемл­екеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл саланы Мем­лекет басшысы жіті бақылап отыр. Атал­ған бағыт жаңа Конституция жоба­­сында да көрсетілген. Ата заң деңгейін­де зияткерлік меншікті қорғау бекітілген. Бұл – креативті индус­трия­ны дербес және экономикалық тұрғыдан маңызды сектор ретінде қарастыруға болады деген сөз. Сонымен қатар бұл кездесудің «Qyzyljar сreative сenter»-де ұйымдастырылуы да бекер емес. Қызылжардағы орталық – Қазақ­стандағы алғашқы креативті хаб­тар­дың бірі. Жалпы, білім, ғылым, мәдениет және инновация мемлекет­тік саясаттың өзегіне айналып, жаңа Конституция ел дамуының жаңа моделін бекітпек. Мемлекет адам капиталы мен азамат­тардың интеллектуалдық әлеуетін стратегиялық басымдық ретін­де айқындайды», деді вице-премьер.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ерік Жол­жақсынов жаңа Конс­титуцияның тарихи құндылықтар мен елдің болашақ даму бағыттарын бейнелейтінін атап, жастардың осы үдерістегі ерекше рөлін атап өтті. Ал «JastarRuhy» жастар қанатының төр­ағасы Ақерке Искандерова жастар мен волонтерлік қозғалыстың қоғамдық үдерістердегі белсенді рөлін сөз етті.

Кездесу соңында қатысушылар жастардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуының маңызын талқылады. Сонымен қатар рефе­рен­думдағы таңдау елдің әділ және прог­рессивті болашағын қалыптастыруға үлес қосатынына сенім білдірді.

Осы күні «Зеленый Север» жылыжай кешенінің еңбек ұжымымен де кездесу өтті. Жиында А.Балаева жаңа Конституцияның еңбек ұжымдары үшін тікелей практикалық маңызы бар негізгі ережелеріне тоқталды. Премьер-министрдің орынбаса­ры құжатта тұрақты әрі экологияға жауап­­кер­­шілікпен қарауға бағыттал­ған әлеу­­меттік кепілдіктер мен жауап­кершілік мәселесі айқын бекітілгенін атап өтті.

«Еңбек ұжымы үшін Конституция­ның мәні нақты әрі түсінікті. Жобада әр азаматтың еңбек етуге, қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайын талап етуге және еңбекақы алуға құқығы бекітілген. Бұл – өте маңызды кепілдіктер. Себебі еңбек адамына деген құрмет жай ғана ұран емес, қоғам өмірінің ажырамас қағидасына айналуы керек. Аграрлық және жылыжай өндірісі үшін айрықша мәнге ие тағы бір мәселе бар. Конституцияда табиғатқа жанашырлықпен қарау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және келешек алдындағы жауапкершілік секілді құндылықтар көрініс табады. Демек, даму жауапкершілікпен қатар жүруі қажет. Адамға, заң мен тәртіпке құрметпен қарап, болашаққа қамқорлық жасау – басты ұстаным болуға тиіс», деді А.Балаева.

Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылауды жалғас­тыра отырып, «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» Директорлар кеңесінің төрағасы Ғалым Байтоқ әлеуметтік сала бойын­ша ой қозғады. Оның айтуынша, Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебесін сақтау, сондай-ақ отбасы, ана мен бала және мұқтаж азаматтарды қолдау қағидаттарын бекіту жаңартылған Конституцияның басты бағдарларының бірі болып қала береді.

Кездесу соңында қатысушылар Конституция жобасындағы негізгі ережелердің тәжірибелік мәніне тоқталып, әр азаматтың жаңа Консти­туциямен жеке танысуының маңызын сөз етті. Коалиция өкілдері соңғы шешімді азаматтар қабылдайтынын жеткізіп, ал 15 наурыз күні өтетін рес­пуб­ликалық референдумда халық өз таңдауын жасайтынын атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар

Елдік тұжырымдама

Пікір • Бүгін, 08:50