Фото: Air Astana press-releases, телеграм
Компанияның мәліметінше, өзгерістер Астанадан Алматы, Қостанай, Өскемен, Атырау және Ақтөбе бағыттарына, сондай-ақ Астанадан Сеул, Франкфурт, Бейжің, Ташкент, Дубай, Фукуок, Нячанг және Ыстанбұл бағыттарына орындалатын тұрақты рейстерге әсер етеді.
«Өзгерістерге ұшыраған рейстердің жолаушылары брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы хабардар етіліп жатыр», делінген хабарламада.
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Айта кетейік, рейстің мәртебесін Брондау және ақпарат орталығынан білуге болады: help.airastana.com, +7 727 244 4477, +7 702 702 4477, +7 727 244 4478 (рейстердің кешігуі немесе тоқтатылуы жағдайда), +7 702 702 0074 (WhatsApp).