Саясат • Бүгін, 07:38

Қауіпсіз еңбек жағдайлары ескерілді

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенаторлар ауыл-аймақ халқымен кездесіп, жаңа Конституцияның негізгі ережелерінен түсіндіріп жатыр.

Қауіпсіз еңбек жағдайлары ескерілді

Сурет: aqtobegazeti.kz

Сенат депутаты Бауыржан Қаниев Ақтөбе облысының Темір, Мұғалжар аудандарында болып, жергілікті тұрғындардың сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ өңір­лік дамудың өзекті мәселелерін сөз еткен тұрғындардың ұсыныстарын тыңдады.

«Бүгінгі таңда әрбір азаматтың пікірін есту өте маңызды, өйткені қоғаммен ашық диалог тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға мүмкіндік береді», деді сенатор.

Депутат Ернұр Әйткенов те Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Әуелбек, Харьков ауылдарының халқымен кездесті.

«Жаңа Конституцияның жобасы Негізгі заңның нормаларын түзету ғана емес, бұдан мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңартылған үлгісі қалып­тас­тасады. Біз адам құқықтары, әлеуметтік әділеттілік, елдің орнықты дамуы басымдық болып қалатын неғұрлым ашық, жауапты әрі азаматтардың мүдделеріне бағдар­ланған басқару жүйесін құруға ұмтылып отырмыз», деді Е.Әйткенов.

Сондай-ақ Айнұр Арғынбекова мен Қайрат Тастекеев Абай облысының Курчатов қаласында болып, Ұлттық ядролық орталық қызметкерлерімен, қаланың медициналық қоғамдастық өкілдерімен жүздесті. Олар әлеуметтік кепілдіктер, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру, әділеттілік қағидаттарын нығайту мен заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелерін сөз етті.

Сенат депутаттары Амангелді Есбай мен Ғалиасқар Сарыбаев Жетісу облысын­дағы Алакөл ауданында «Көктума» мектебі, «Алакөл су» ШЖҚ МКК, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ Үшарал филиалы­ның ұжым­дарымен кездесті. Онда консти­туция­лық өзгерістердің негізгі ережелері, заңнама инновациялары мен қоғаммен кері бай­ланысты нығайту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар Үшарал қаласын­да «Есіктен есікке» іс-шарасы ұйымдас­тыры­лып, тұрғындармен атаулы кездесулер өткі­зіл­ді. Онда депутаттар азаматтарға жаңа Конститу­ция жобасы мен жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.

Түркістан облысында Ата Заңның жаңа жобасын талқылауға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Сенат депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек пен Әлішер Сатвалдиев Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездесті. Олар «Түлкібас инновациялық кешені» ЖШС өндірістік алаңының жұмысшыларымен диалог барысында азаматтардың құқық­тары мен бостандықтарының кепілдіктері, еңбек адамының мәртебесін көтеру, оны әлеуметтік қорғау шараларына тоқталды. Атап айтқанда, еңбек ету құқығын, маман­­дықты еркін таңдау, қауіпсіз еңбек жағ­дайын, сондай-ақ жұмыс уақыты мен демалыс мәселелерін бекітетін конституциялық нормаларды сараптап берді. 

Соңғы жаңалықтар

КазLLM қалай жұмыс істейді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 15:25