Қоғам • Бүгін, 10:26

Қорғаныс министрлігі желіде тараған видеоға қатысты шұғыл мәлімдеме жасады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерде Қорғаныс министрі еліміздің әуе кеңістігіне қатысты мәлімдеме жасапты-мыс деген бейнеролик тарады. Министрлік бұл видеоның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қорғаныс министрлігі желіде тараған видеоға қатысты шұғыл мәлімдеме жасады

Фото: Қорғаныс министрлігі

«Аталған бейнематериал – жалған. Видео жасанды интеллект технологияларын (deepfake) пайдалану арқылы жасалған, ал дауыс бұрынғы сұхбат негізінде құрастырылған. Таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және қорғаныс ведомствосының ресми ұстанымын білдірмейді», делінген хабарламада. 

Ведомство қолданыстағы заңнамаға сәйкес жалған ақпаратты тарату жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен әлеуметтік желі пайдаланушыларын тек ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде 2026 жылы табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға және белгілі бір ауруы бар азаматтарға 432 500 теңге көлемінде біржолғы төлем берілетіні туралы ақпарат тарады. Алайда бұл мәлімет шындыққа жанаспайды.

Соңғы жаңалықтар