Қоғам • Бүгін, 13:10

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің 10%-ын қысқартады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» қоры қызметкерлерінің 10%-ын қысқартады. Бұл шешім Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың квазимемлекеттік сектордағы кадрлық құрылымды қайта қарау және тиімділікті арттыру қажеттігі жөніндегі ұсыныстарына сәйкес қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің 10%-ын қысқартады

Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдегендей, қысқартулар тек әкімшілік-басқарушылық қызметкерлерді қамтитын болады. Барлық корпоративтік шешімдер қабылданып, еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асады.

Ол бұл шаралар наурыз айының соңына дейін толық іске асырылатынын атап өтті.

«Қысқартулар тек Астанадағы әкімшілік-басқару бөлімдеріне қатысты болады, өндірістік құрылымға әсер етпейді. Астанадағы қор қызметкерлерінің жалпы саны 6,5 мың адам, сондықтан шамамен 650 адам қысқартылады», деді Нұрлан Жақыпов.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңейтілген Үкімет отырысында кейбір компанияларда басқарушылық кадрлардың шамадан тыс көптігін ескеріп, құрылымды қайта қарауды тапсырған еді.

Тоқаев Ұлттық банк Төрағасының орынбасарын лауазымынан босатты

Соңғы жаңалықтар