Аймақтар • Бүгін, 08:25

Алабұғаға да ауа керек

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қыс мезгілінде су айдындарын мұз басады. Осы кезде судағы тіршілік иелері тұншықпас үшін балық шаруашылығы инспекциясының қызмет­керлері мен табиғат жана­шыр­лары аэрация жұмыс­тарын жүргізіп жатыр.

Алабұғаға да ауа керек

Батыс Қазақстан облысында жергілікті атқа­рушы органдар жауапты мекеме өкілдерімен бірлесіп, балықты қорғау мақсатында жос­парлы іс-шаралар атқарды.

«22 су айдынында 16 888 тесік бұрғыланып, қамыс баулары салынды. Мұз ойылып, 1х1 метрлік 263 ойық жасалды. 3 130 текше метр суға аэрация жүргізілді. Жұмыстарға 180 адам, 60 техника жұмылдырылды», деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Мамандардың айтуынша, бұл шаралар балықты қырылудан сақтап қана қоймай, көктемгі тасқын кезінде су айдындарында мұз кептелісі болмауына септігін тигізеді. Сондықтан жұмыстар көктемге дейін жалғасады.

Жақында Орал қаласының іргесіндегі «Әнес ата» көлінде экожүйені сақтау мақсатында су астына ауа жіберу акциясы өтті. «EcoSaqshy» қоғамдық бірлестігі мен экобелсенділер ұйым­дас­тырған шараға Сы­рым­ ауданынан келген жас эко­қор­ғаушылар тобы да қатысты. Табиғат жанашырлары қысқа уақыт ішінде мұз бетінен 101 ойық жасап, су астына ауа жіберді.

м

«Экологиялық тепе-тең­дік­ті сақтау, табиғатты аялау – әр аза­маттың міндеті. Біз мұн­дай іс-шараны бірнеше жыл­дан бері тұрақты өткізіп келе­міз. Қуаныштысы, бүгін қата­рымызға Сырым ауданы Алға­бас ауылындағы мектептің жас экоқорғаушылары қосы­лып отыр. 2022 жылы құрылған ұйым мүшелері ауыл маңын­дағы Аңқаты өзенін тазалау, бұлақ көздерін ашу, қоқысты сұрыптау секілді игі істермен айналысады екен. Біз оларды қолдап, мұз бұрғысын сыйға тарттық, облыстық білім басқар­масының басшысымен кездесу ұйымдастырдық. Нұрболат Жұмағазиев, Тілектес Дүйсенбаев сынды азаматтар жетекшілік ететін ұйым өз жұмыстары тура­лы мультфильм түсіріп, наси­хат­тап жүр. Болашақта да бірлес­кен жос­парларымыз бар», дейді «EcoSaqshy» қоғамдық бір­лес­ті­гінің жетекшісі Дәуренбек Сахым.

 

Батыс Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Шекара дауы шиеленісті

Әлем • Бүгін, 08:55

Тобылдағы қоныстой

Аймақтар • Бүгін, 08:33

Өрт қаупін азайтқан жүйе

Аймақтар • Бүгін, 08:30