Ауа райы • Кеше

Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол жабылды

0 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанның кейбір аймақтарында ауа райының нашарлауына байланысты жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол жабылды

«ҚазАвтоЖол» компаниясының деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 4 наурызда ауа райының нашарлауына байланысты келесі тасжол учаскелерінде жүк және қоғамдық көліктерге қозғалыс шектелді:

Ақмола облысы

  • «Астана – Көкшетау – Петропавловск – РФ шекарасы» автожолының 304-341 км учаскесі (Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейін).

Солтүстік Қазақстан облысы

  • «Астана – Көкшетау (айналма жолмен) – Петропавловск – РФ шекарасы (Жаңа Жол КПП)» автожолының 341-473 км учаскесі (Ақмола облысы шекарасынан Бескөл ауылына дейін).

Жол қозғалысының болжамды ашылу уақыты: 2026 жылғы 5 наурыз, сағат 08:00.

Батыс Қазақстан облысы

  • «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 393-526 км учаскесі (Жымпиты – Ақтөбе облысы шекарасы).

Жолдың болжамды ашылу уақыты: 2026 жылғы 5 наурыз, сағат 09:00.

Ақтөбе облысы

  • «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 526-702 км учаскесі (Маржанбулак – Батыс Қазақстан облысы шекарасы);

  • «РФ шекарасы (Жайсан КПП) – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Алматы – Қытай шекарасы (Нұр Жолы КПП)» автожолының 0-77 км учаскесі.

Жолдың болжамды ашылу уақыты: 2026 жылғы 5 наурыз, сағат 09:00.

Сонымен қатар, кейбір аймақтарда барлық автокөліктерге қозғалыс шектелген:

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • Астана – Көкшетау – Петропавловск – РФ шекарасы (Жаңа Жол КПП) 492-522 км;

  • Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай (Кайрак КПП) 768-856 км;

  • Жезқазған – Арқалық – Петропавловск 595-946 км;

  • Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы (Бидайық КПП) 50-280 км;

  • Көкшетау – Рузаевка 61-196 км;

  • Қостанай – Мамлютка 305-406 км;

  • Петропавловск – Соколовка – РФ шекарасы (Қызыл Жар КПП) 11-73 км;

  • Петерфельд – Архангельское – Новокаменка 0-31 км;

  • Булаево – Возвышенка – Молдагвардейское – Кирово – Киялы – Рощинское 0-228 км;

  • Рощинское – Корнеевка – Волошинка 0-87 км;

  • Волошинка – Сергеевка – Тимирязево 0-119 км;

  • Қарасай батыр мемориалына кіретін жол 0-24 км;

  • Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысы шекарасы 0-32 км;

  • РФ шекарасы (Каракога КПП) – Петропавловск 0-120 км.

Ақмола облысы:

  • Жезқазған – Арқалық – Петропавловск 552-595 км;

  • Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы 2-50 км;

  • Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы 346-407 км;

  • Көкшетау – Рузаевка 0-61 км.

Қостанай облысы:

  • Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Карабутак 234-501 км

Жолдардың болжамды ашылу уақыты: 2026 жылғы 5 наурыз, сағат 08:00–09:00.

Ақтөбе облысы:

  • Ақтөбе – РФ шекарасы (Алимбет КПП) 39-136 км;

  • РФ шекарасы – Ақтөбе – Карабутак – Қызылорда – Шымкент – Алматы – Қытай шекарасы 776-965 км;

  • Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Карабутак 5-234 км.

Жолдардың болжамды ашылу уақыты: 2026 жылғы 5 наурыз.

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлайды

Соңғы жаңалықтар