фото: Mark Schiefelbein/AP
Трамп Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеиді бұл қызметке лайық емес деп санайды.
Axios басылымына берген сұхбатында АҚШ президенті америкалық тараптың мәліметі бойынша, марқұм болған Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба ең ықтимал мұрагер саналады. Алайда Трамп мұндай нұсқаны қабылдауға болмайды деп есептейтінін жеткізді.
«Олар уақытты босқа жоғалтып жатыр. Хаменеидің ұлы – «әлсіз тұлға». Мен тағайындау процесіне қатысуым керек. Хаменеидің ұлы мен үшін қолайсыз. Бізге Иранға үйлесім мен бейбітшілік әкелетін адам керек», деді Дональд Трамп.
Сондай-ақ Трамп АҚШ Хаменеи саясатын жалғастыратын көшбасшыны қабылдамайтынын айтты. Оның сөзінше, мұндай саясат «бес жылдан кейін америкалық әскерді қайта соғысқа тартуы мүмкін».
Айта кетейік, Сарапшылар ассамблеясы Иранның бұрынғы жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба Хаменеиді елдің келесі рухани әрі саяси жетекшісі етіп таңдаған еді.