Фото: Depositphotos.com
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермектің айтуынша, 8 наурыз күні «Авиценна-Бурабай» стационарының жансақтау бөлімінде жатқан науқас көз жұмса, 9 наурызда Көкшетаудағы Ақмола көпсалалы облыстық ауруханасында ем алып жатқан әйел қайтыс болған. Осылайша, Щучинскідегі жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті.
Еске салайық, 27 ақпанға қараған түні Щучинск қаласындағы «Палау орталығы» дәмханасында газ жарылып, кейін өрт шыққан. Оқиғадан кейін полиция қылмыстық іс қозғап, мекеме иесін ұстады. Тергеу жүргізу үшін арнайы ведомствоаралық комиссия құрылды.
Билік өкілдері қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Зардап шеккендердің жағдайы ауыр және орташа ауыр деп бағаланған.