Фото: Сали Сабиров/ҰОК
Мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама спортшысы, XXV қысқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров «Үздік костюм» аталымында үміткерлер арасында бар. Оның 2025-2026 жылғы маусымдағы еркін бағдарламаға арналған киімі көпшілік пен сарапшылардың назарын аударды.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, костюм дизайнын отандастарымыз Сәкен Жақсыбаев пен Ақмарал Жарасқызы әзірлеген.
Жалпы бұл номинацияда сән, стиль, ізденіс пен түпнұсқа образ үйлесім тапқан 16 кандидат іріктелген. Бұл қатарда жекелей, жұптық және ырғақты би бағдарламасының өкілдері бар.
Дауыс беру ISU платформасында жүріп жатыр.
Жанкүйерлер қатысатын 1-кезең 18 наурыз Астана уақытымен сағат 17:00-де аяқталады. Әр номинация бойынша үш үміткерден тұратын қысқа тізім (shortlist) шығады. Түпкілікті жеңімпаздарды мәнерлеп сырғанау саласының беделді сарапшыларынан құралған қазылар алқасы таңдайды.
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтер сыйға тартылды
Сонымен қатар «Үздік жаңа есім» және «Жыл тұлғасы (тұлғалары)» марапатының иегерлері салтанатты марапаттау рәсімі кезінде жарияланады.
Салтанатты марапаттау рәсімі ISU Figure Skating Awards 2026 марапаттау рәсімі Прагада өтетін мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты аяқталған соң 29 наурыз күні өтеді. Бұл іс-шара 2025-2026 жылғы маусымның қорытындысы болмақ.
Президент Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады