Синоптиктердің болжамынша, елдің көптеген өңірінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі. Солтүстік-шығыс пен орталық аймақтарда қалың қар жауса, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста кей уақыттары қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ, тұман болады. Солтүстік өңірлерде боран соғуы ықтимал.
Сонымен қатар елдің көп бөлігінде ауа температурасының көтерілуі болжанып отыр.
-
Батыс өңірлерде түнде ауа температурасы -15…-28 градустан -6…+2 градусқа дейін, күндіз -2…-13 градустан 0…+10 градусқа дейін көтеріледі.
-
Оңтүстік-батыста түнде -8…-16 градустан -6…+2 градусқа, күндіз -8…0 градустан +5…+13 градусқа дейін жылынады.
-
Солтүстік-батыста түнде -22…-33 градустан -2…-10 градусқа, күндіз -15…-20 градустан -2…+3 градусқа дейін көтеріледі.
-
Солтүстік аймақтарда түнде -15…-33 градустан -10…-23 градусқа, күндіз -15…-25 градустан 0…-7 градусқа дейін өзгереді.
Орталық өңірлерде түнгі температура алдымен -2…-15 градустан -15…-30 градусқа дейін төмендеп, кейін 12 наурызда -10…-21 градусқа дейін жоғарылайды. Күндіз де бастапқыда -2…-15 градустан -10…-20 градусқа дейін төмендеп, 12 наурызда 0…-10 градусқа дейін көтеріледі.
Шығыста түнде 0…-8 градустан -15…-30 градусқа дейін суытады, ал күндіз -2…+3 градустан -3…-18 градусқа дейін төмендейді.
Оңтүстікте түнде +2…-21 градустан -7…-23 градусқа дейін, күндіз -13…+5 градустан 0…+5 градусқа дейін өзгереді.
Оңтүстік-шығыста түнде -11…+5 градустан -10…-28 градусқа дейін төмендеп, күндіз -6…+7 градустан 0…-15 градусқа дейін суытады.
Бұған дейін синоптиктер елімізге қайтадан аяз оралатынын ескерткен болатын.