Референдум • Бүгін, 08:55

Сайрам ауданында жүз жасаған қарт майдангер дауыс берді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық округіндегі №580 референдум учаскесінде Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Ахмеджан Анартаев өз таңдауын жасап, дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сайрам ауданында жүз жасаған қарт майдангер дауыс берді

«Елдің болашағы үшін әр азамат референдумда өз дауысын беруге міндетті. Бүгінгідей ел еңсесін тіктеген шақта ауызбірлігіміз мықты болуы тиіс», дейді қария.

Сондай-ақ, соғыс ардагері референдумға келушілерге, комиссия мүшелері мен байқаушыларға бүгінгідей маңызды саяси науқанның сәтті өтуіне тілектестігін білдіріп, ақ батасын берді. Жалпы, сайрамдықтардың референдумға деген белсенділігі жоғары деңгейде байқалып отыр.

Референдум: 14 мыңнан астам адам шетелде дауыс береді

Майдангер ақсақал 1926 жылғы 10 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Әскерге шақырылғанға дейін «Жұмысшы» ұжымшарында еңбек еткен. 1944 жылы 5 мамырда Сайрам аудандық әскери комиссариатынан әскерге шақырылып, 64-ші атқыштар полкінде қызмет атқарған. Қатардағы жауынгер ретінде Польшаны азат ету жолындағы шайқастарға, Германиядағы ұрыстарға қатысқан. Елге 1949 жылғы 10 сәуірде оралған. ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен және мерейтойлық сегіз медальмен марапатталған. Әскерден келгеннен кейін зейнеткерлікке шыққанға дейін Ә. Науаи атындағы ұжымшарда жүргізуші болып еңбек етті. Қарабұлақ ауылында тұратын қарияның 9 баласы, 28 немересі, 5 шөбересі бар.

Алматыда сайлаушыларға фотоаймақ ұйымдастырылды

Айта кетейік, облыс бойынша барлығы 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Өңірде 1 187 257 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Бұл облыс халқының 55,4 пайызын құрайды.

Соңғы жаңалықтар