Отыз жылдан астам кенші болған Тұрсынбек Мақышев Ұлытау өңірінде Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет өндіріс еңбеккерлерінің арасынан Еңбек Ері атанған.
Ол дауыс беру учаскесіне келіп, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға өз үлесін қосты.
Тұрсынбек Шамбулұлының айтуынша, референдум – мемлекет үшін маңызды шешімдер қабылданатын ерекше күн. Сондықтан әрбір азамат белсенділік танытып, өз таңдауын жасауы тиіс.
Еңбек ардагері қала тұрғындарын ел болашағына бейжай қарамауға шақырды.
Ұлытау облысы