Референдум • Бүгін, 16:10

Алматы облысының тұрғындары референдум учаскесіне мультфильм кейіпкерлерінің бейнесінде келді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы Іле ауданындағы №42 сайлау учаскесіне әйгілі «Аңдар шаһары» мультфильмінің кейіпкерлері – батыл қоян-полицей Джуди Хопс пен тапқыр түлкі Ник Уайлдтың костюмдерін киген екі тұрғын келіп, таңдау жасады. Мультфильм кейіпкерлері референдум учаскесіндегі көптің көңілін көтеріп кетті, деп жазады Egemen.kz.

Алматы облысының тұрғындары референдум учаскесіне мультфильм кейіпкерлерінің бейнесінде келді

Анимациялық фильмнің кейіпкерлері болып киінген азаматтар учаскеге кірген сәттен бастап, айналадағы адамдардың жүзіне күлкі үйірілді. Олар дауыс беру рәсіміне қатысып, өздерінің азаматтық ұстанымын білдіріп қана қоймай мерекелік көңіл күйдің ерекше атмосферасын қалыптастырды.

Хандар мен билердің таңдауы: Жетісайдағы референдумның ерекше қонақтары

Бұл көрініске, әсіресе балалар мен жастар ерекше қызығып, сүйікті мультфильм кейіпкерлерімен естелік суретке түсуге асықты. Осындай ерекше шараның арқасында дауыс беру процесі қызықты әрі көңілді өтіп, тұрғындар арасында жағымды әсер қалдырды.

Өскемен тұрғыны парапланмен келіп дауыс берді

Креативті бастаманың авторлары өздерінің мұндай ерекше қадамымен азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық белсенділікті арттырып, маңызды саяси науқанға халықтың қызығушылығын оятуды көздегенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар