Акция шеңберінде дауыс беруге келгендер әлдебір тілек жазылған қағаздарды қалауынша суырып алады. Не жазылған екен деп назар аударсақ, ақжарма тілек екен. «Бүгінгі күніңіз сәтті болсын!», «Таңдау сізден», «Қатысқаныңыз үшін көп рақмет!», «Жүзіңізден күлкі кетпесін», «Бүгінгі күніңіз жарқын әрі жарасымды» деген тәрізді жан жадыратар жақсы сөздер таңбаланған екен. Мұндай акция өңірдің Бұланды, Ақкөл, Атбасар және Егіндікөл аудандарында өткізіліп жатыр.
Нұржан Нұржігітов: Әр азаматтың дауысы елдің даму бағытын айқындайды
Макинск қаласының тұрғыны Лариса Соколова сайлау учаскесіне бірінші болып келіп, ақжарма тілекке ие болды. Оның қолындағы қағазда жоғарыда айтылғандай ізгі тілек жазылған. Ұйымдастырушылардың айтуларына қарағанда, шын жүректен шыққан бір ауыз сөздің өзі адамдарға қуаныш сайлайды.
Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылды
Ақмола облысы