«Бүгін Қарағанды облысында онлайн платформада қоғамдық пікірге заңсыз сауал салып, үгіт жүргізген бір жағдай анықталды. Түсіндірме жұмысынан кейін ол заңсыз жазбаларын өшіріп, кінәсін мойындады. Сондықтан оған қысқартылған тәртіп негізінде айыппұл салынды. Прокуратура органдарым осы сияқты жағдайлар, оның ішінде бюллетеньдердің фотосуреттерін онлайн платформаларға қою барысы тіркеліп жатқанына да назар аударады. Осы әрекеттерде құқық бұзушылық құрамының бар екені расталған жағдайда заңда белгіленген шаралар қабылданады», деді Бекжан Қараманов.
ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы: Қазақстан жастары электоралдық науқанға белсенді қатысып жатыр
Бұған дейін Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев референдум қауіпсіздігін сақтау үшін полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлаған.