«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қостанай облысындағы көлік жолдарындағы жағдай туралы мәлімдеді.
2026 жылғы 15 наурыз сағат 23:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі республикалық маңызы бар тасжол учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:
- «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 555-682 шақырымы (Тобыл қаласы – Сарыкөл кенті);
- «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 320-501 шақырымы (Бестөбе ауылы – Рудный қаласы);
- «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-218 шақырымы (Тобыл қаласы – Октябрьский кенті).