Фото: ІІМ
Қоқысты заңсыз тастау, рұқсат етілмеген жерлерге ағынды суларды төгу, тағы басқа да заңбұзушылықтар басты назарда болды.
«Таза Қазақстан»: Еріктілер 18 миллионнан астам ағаш отырғызды
Республикалық акция басталғалы бері 485 жүк және 239 ассенизатор көлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылған.
«Мәселен, Тұран даңғылы бойында 29 жастағы КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі нәжіс қалдықтарын нөсерлік кәріз жүйесіне төгіп, абаттандыру қағидаларын бұзған. Осындай құқық бұзушылыққа жол берген ұйым жауапкершілікке тартылды», делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.
Былтыр «Таза Қазақстан» акциясы аясында қандай іс-шаралар ұйымдастырылды?
Полиция абаттандыру ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігімен және «109» бірыңғай анықтама қызметімен бірлесіп рейдтер жүргізіп жатыр.