Референдум • Бүгін, 13:00

ТМД бақылаушылары: Референдумда дауыс беру процесі ашық әрі әділ өтті

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстандағы референдум кезінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) бақылаушылары 750-ден астам референдум учаскесіне барып, мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz

ТМД бақылаушылары: Референдумда дауыс беру процесі ашық әрі әділ өтті

ТМД бақылаушылар миссиясының жетекшісі Игорь Петришенконың айтуынша, бақылаушылар елде халықаралық бақылау принциптерін сақтай отырып, еркін және тәуелсіз жұмыс істеген.

Ол сондай-ақ миссия құрамында 161 бақылаушы аккредиттелгенін атап өтті.

«Миссия жұмысы ашық әрі әділ болды. Штаб референдумға дайындық мониторингі туралы ақпараттық хабарламаларды үнемі таратты. БАҚ өкілдеріне сұхбат берілді. Осы орайда, миссиямыздың жұмысын жан-жақты және кәсіби қамтыған барлық журналистерге алғысымды білдіремін», деді миссия басшысы.

Түркі мемлекеттері ұйымының бақылаушылары: Референдум ашық және заңға сәйкес өтті

ТМД бақылаушыларының бағалауынша, Қазақстанның заңнамалық базасы демократиялық дауыс беруге қажетті барлық шарттарды қамтамасыз етеді.

«Референдум өткізу заңнамасы халықаралық құқық нормаларына сай, жалпыға танылған принциптерге сәйкес жүргізілді. Халық еркін және демократиялық түрде дауыс берді», деді Петришенко.

Оның айтуынша, Орталық референдум комиссиясы да дауыс беруді ұйымдастыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдады.

«Орталық референдум комиссиясы референдумға дайындықты жоғары деңгейде ұйымдастырды. Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары, мемлекеттік органдар мен БАҚ халықтық дауыс беруге дайындық пен оны өткізу процесін кеңінен қамтыды», деді Петришенко.

Миссия мәліметі бойынша, дауыс беру күні бақылаушылар жүздеген сайлау учаскесінде болды.

«Референдум күні миссия өкілдері Қазақстанның тоғыз өңірінде 750-ден астам учаскені барып бақылады. Шетелдегі учаскелерде де бақылау жүргізілді. Миссия мүшелерінің хабарлауынша, сайлау учаскелері уақытында ашылды, дауыс беру мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталды және тыныш өтті», деді миссия жетекшісі.

Имран Садихов: Бас хатшылық референдумның бейбіт әрі тәртіппен өткенін жоғары бағалайды

Сонымен қатар, ол дауыс санау кезеңі заңға сәйкес жүргізілгенін атап өтті.

«Дауыс санау процедурасы заңға сәйкес жүзеге асырылды. Бақылаушылар тіркеген кейбір кемшіліктер техникалық сипатта болып, учаске комиссиялары арқылы жедел түзетілді», деп қорытындылады ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы.

Соңғы жаңалықтар