Аймақтар • Бүгін, 12:17

Атырауда мектепте жарақат алған оқушы қыздың жағдайы белгілі болды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраудағы мектептердің бірінде жарақат алған оқушы қыз аурухананың жансақтау бөлімінен хирургиялық палатаға ауыстырылды. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда мектепте жарақат алған оқушы қыздың жағдайы белгілі болды

фото: ашық дереккөз

Оқиға Binom жеке мектебінде үзіліс кезінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, тоғызыншы сынып оқушысы сегізінші сыныпта оқитын қызды үшкір затпен (пышақ немесе қайшы болуы мүмкін) кеуде, қол және мойын аймағынан жарақаттаған. Полиция күдіктіні ұстап, қылмыстық іс қозғалғанғанын мәлімдеді. 

Шабуылдың себебі әзірге белгісіз. Мектеп директорының айтуынша, күдікті бұған дейін қылмыстық немесе психоневрологиялық есепте болмаған. Ол тек академиялық үлгерімі төмен оқушылар тізімінде болған.

Таразда мектеп оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан

Binom Атырау мектебінің директоры Өнербек Ерғалиев тергеу әрекеттеріне байланысты толық пікір білдіре алмайтынын, сондай-ақ мектеп әкімшілігі немесе ұстаздардың кәмелетке толмаған оқушылардың сөмкелерін тексеруге құқы жоқ екенін айтқан.

Күдіктінің ата-анасы баланы дұрыс тәрбиелемегені үшін айыппұл төлеген. Осы оқиғадан кейін Binom мектептерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Соңғы жаңалықтар