Фото: sn.kz
Қала әкімдігінің мәліметінше, қазір жылыжайда күлгін эхинацея, көк сальвия, мамықты пеницетум, қытай мискантусы, өрік түстес ірі гүлді гайлардия, қызыл реңкті ірі гүлді гайлардия, сары түсті ірі гүлді гайлардия және таржапырақты лаванда тұқымдас гүлдер өсіп тұр.
Қазір қаладағы ірі көшелердің бойына гүлдерді отырғызу жұмысы басталған.
«Олар заманауи тамшылатып суару технологиясы арқылы суарылып, барлық агротехникалық талапқа сәйкес күтіп-бапталады. Жылыжайдағы гүл қоры 2026 жылға қажет гүл қорын алдын ала дайындауға және қала аумағын жүйелі түрде көгалдандыруға мүмкіндік береді. Осылайша қала аумағын көгалдандыру және экожүйені жақсарту қолға алынған», делінген хабарламада.