Фото: egemen.kz/ Қырмызы Жұмағалиқызы
Жаңа нормаларға сәйкес, тегін медициналық көмекті қаржыландыруға бюджеттен бөлек халықаралық ұйымдар мен ұлттық компаниялардың қаражаты тартылады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті жоғары технологиялық қызметтерге қол жеткізудің негізгі құралы болады. Бұл ретте әрбір азаматтың денсаулық сақтау мен биологиялық қауіпсіздікке кепілдік берілген құқығы өзгеріссіз қалады.
«Мемлекет кепілдік берген медициналық көмектің көлемі сақталады. Ең бастысы, азаматтардың құқығы сақталып қана қоймай, қосымша институционалдық тұрғыдан нығайтылады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің рөлі арта түспек. Кезең-кезеңімен енгізілетін бірыңғай базалық медициналық пакет арқылы азаматтар жоспарлы әрі күрделі медициналық қызметтердің басым бөлігіне осы сақтандыру есебінен қол жеткізе алады», деді Аида Балаева.