Қоғам • Бүгін, 10:55

Өнеркәсіптік алпауыттар қалай бақыланады? Министрлік автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізбек

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда экологиялық саясаттың заманауи құралдары енгізіледі. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында жаңа Конституцияның нормаларын экологиялық реттеу мәселелері бойынша жүзеге асыру жөнінде жоспарланып отырған шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнеркәсіптік алпауыттар қалай бақыланады? Министрлік автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізбек

Фото: Үкімет, телеграм

Ерлан Нысанбаев жаңа ережелер салалық заңнаманы жетілдіру және экологиялық саясаттың заманауи құралдарын енгізу арқылы жүзеге асырылатынын атап өтті.

Бектенов: Жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістер Қазақстанның кез келген сын-қатерлерге төтеп беруін қамтамасыз етеді

Министр ең маңызды бағыттарды бөліп көрсетті, соның ішінде:

  • Реттеудің алдын алу моделіне көшу. Ластану салдарын жоюдан экологиялық залалдың алдын алуға баса назар аударылады;
  • Өнеркәсіптік кәсіпорындардың нормативтерді асырғаны үшін жауапкершілігін белгілей отыра, экологиялық жаңғыртуға бағытталған мониторингтің автоматтандырылған жүйелерін енгізу;
  • Экологиялық талаптарды өнеркәсіптік жоспарлау және басқару процестеріне біріктіруге мүмкіндік беретін кешенді экологиялық рұқсаттар жүйесін дамыту;
  • Өңірлерде қалдықтарды басқару саласындағы инфрақұрылымдық проблемаларды шешуге бағытталған жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру тетігін қолдануды жалғастыру жоспарлануда. Бұл бағыт 64 жобаны жүзеге асыруды көздейді, соның ішінде 90 млрд теңгеден астам сомаға 26 жоба қаржыландырылып, жүзеге асырылуда;
  • Экономикалық құралдарды кеңейту, атап айтқанда офсеттік шешімдерді, сондай-ақ экологиялық төлемдерді қолдану таза технологияларды енгізуді ынталандыруға мүмкіндік береді.

«Өткен жылдың соңында қалдықтардың барлық түрлерін басқару тұжырымдамасы қабылданғанын атап өту маңызды, бұл – бүкіл саланы жүйелейтін алғашқы бағдарламалық құжат», деді Ерлан Нысанбаев.

Премьер-министр: Қазақстандықтар Мемлекет басшысының барлық бастамасын қолдап, нағыз отаншылдықтың үлгісін паш етті

Соңғы жаңалықтар