Аймақтар • Бүгін, 15:02

Олжас Бектенов Түркістанда салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді

20 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы (БГҚ) базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан жоба Ұлттық электр желісінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.

Олжас Бектенов Түркістанда салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді

Фото: Үкімет

Сайрам ауданында Олжас Бектенов еліміздегі ең ірі газ электр стансасының құрылысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Жоба жалпы қуаты 1000 МВт болатын 4 газ турбинасы, 4 кәдеге жарату қазандығы және 2 бу турбинасын қамтиды. Қолданылып отырған бу-газ қондырғысы технологиясы пайдаланылған газ жылуын іске асырып қосымша электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді және заманауи жылу энергетикасындағы ең тиімді әрі экологиялық таза технологиялардың бірі саналады. Стансаның артықшылығы – оның жоғары маневрлі қабілетінде және желіде тапшылық туындаған жағдайда жетіспейтін қуатты жедел түрде толықтыру мүмкіндігінде.

Олжас Бектенов: Жаңа Конституция мемлекет пен қоғамның орнықты дамуына берік негіз болады

рр

«Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында жаңа қуат көздерін іске қосу бүгінгідей энергияны көп қажет ететін экономиканы дамыту үшін тиісті шарт екенін атап өтті. Тіршілікке қажетті жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және орнықты энергетикалық базаны қалыптастыру – Үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі. Түркістан облысының қарқынды дамып келе жатқанын көріп отырмыз, өңірдің өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында әлеуеті жоғары. БГҚ жобасын жүзеге асыру оңтүстік өңірге қосымша қуат резервін құруға және энергия жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді. Салынып жатқан станция өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды элементіне айналып, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға негіз болады», деді Олжас Бектенов.

Олжас Бектенов коммерциялық ипотека көлемін арттыруды тапсырды

Премьер-министрге жобаның қазіргі жағдайы туралы баяндалды. «Түркістан БГҚ» ЖШС («Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес ұйымы) басқарма төрағасы Ұлан Бүркітов нысанды 2026 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлады. Бүгінде негізгі нысандардың, оның ішінде бас ғимарат пен тарату құрылғыларының іргетастары дайын. Бас ғимараттағы жобада көрсетілген орындарға генераторлары бар төрт газ турбинасы (Siemens Energy) орнатылған.

Жобаның бас мердігері – қазақстандық және оңтүстік кореялық компаниялардан құрылған консорциум. Құрылыс алаңында 1 мыңнан астам адам және 150 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылған. Тігінен құрастырылатын құрылыс нысандары салынып жатыр. Ғимараттардың қаңқалары монтаждалып, металл конструкциялар орнатылып, қабырғалар қапталып және тағы да басқа жұмыстар жүргізіліп жатыр. Электр стансасының негізгі технологиялық жабдықтары толық көлемде жеткізілген. Жоба іске қосылған соң 600-ден астам тұрақты жұмыс орыны ашылады.

пп
Қазіргі уақытта Түркістан облысы бойынша электр энергиясын тұтынудың орташа көлемі 445 МВт-ты құрайды, ал ішкі генерация көлемі 136,5 МВт деңгейінде. Стансаны іске қосу өңірдегі қуат тапшылығын толығымен жабуға және ең жоғары жүктемелер кезеңінде энергия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Олжас Бектенов: Ауылдық жерлердегі тұрғын үй құрылысына көңіл бөлу керек

Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес, Қазақстанда өткен жылы 123,1 млрд кВт/сағат электр энергиясы өндірілді (2024 жылы – 117,9 млрд кВт·сағ). «Текелі энергокешені» ЖШС-да үш газ турбиналық қондырғының құрылысын аяқтау және «Топар басты энергия тарату стансасы» ЖШС-да ескірген турбоагрегатты ауыстыру қосымша 166 МВт қуат өндіруге мүмкіндік берді. Биыл жаңа генерацияны іске қосу арқылы 1980 МВт электр энергиясын қамтамасыз ету және алмастыру аясында 683 МВт қуат енгізу жоспарланып отыр.

аа

Премьер-министр Энергетика министрлігіне «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-мен бірлесіп, барлық төрт газ турбинасын іске қосу мерзімдерін сақтай отырып, экологиялық талаптарды орындауды және желілік инфрақұрылыммен үйлестіруді қамтамасыз ете отырып, бу-газ электр стансасын салу жобасын уақтылы жүзеге асыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар