Қазақстан Құрлық әскерлерінің танк экипаждары «Танк биатлоны» байқауының ақтық ойынының төрттігіне кірді. «Алабино» полигонындағы жартылай финалдық жарыс екі сайыстан тұрды. Бірінші – «Эстафета» жарысын Қазақстанның танкистері қызыл танкте, ал үндістандықтар – жасыл, сербиялықтар – көк танкте, армениялықтар сары танкпен бастады. Екінші жарыста Ресей, Қытай, Тәжікстан және Қырғызстанның танкистері сайысқа түсті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
«Жарыс нәтижелері бойынша Ресейдің, Қытайдың, Қазақстанның және Сербияның танкистері финалға шықты», – деді жарыстың бас қазысы генерал-майор Евгений Поплавский. Ал төрешілер: «Ресейлік экипаждар эстафетада 73 минут 30 секунд нәтиже көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынды 77 минут 32 секунд нәтижемен қытайдың танкистері иеленді, 78 минут 18 секунд нәтиже көрсеткен Қазақстанның танк экипаждары үшінші орынды және төртінші орынды межелі жерге 83 минут 23 секундта жеткен сербтік әскери қызметшілер еншіледі», – деп атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, эстафетаның ережесіне сәйкес, бір танк төрт шақырымды үш мәрте айналып өтеді. Жалпы, әр топ сайыс бойынша тоғыз рет айналып өтуі немесе 36 шақырым жүруі тиіс болатын. Осы аралықта екі шептік атысты жүргізу қосылған. Бірінші учаскеде танкке қарсы қолдан жасалған гранатамен нысананы көздейді. Онда үш нысанаға да дәл тигізу қажет. Әр мүлт кеткен сәтке «жазалау» ретінде 500 метр айналып өту жүктеледі.
«Танк биатлоны» байқауының финалы бүгін, 15 тамыз күні өтеді. Жеребелер нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің танкистері төртінші жолда сары танктен бастайтын болады.
«Егемен-ақпарат».
• 15 Тамыз, 2015
Қазақстандық сарбаздар «Танк биатлоны-2015» байқауының финалына шықты

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25