Аталмыш топтама шеңберінде тоғызыншы рет шыққан басылым, авторлардың пайымдауынша, ағымдағы жылы Қазақстанның қоғамдық өміріндегі ең маңызды оқиғаға арналған. Сыртқы саясат тақырыбымен қатар, авторлар оқырмандар назарына еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени дамуының жан-жақты сипаттамасын ұсынған.
Басылымның авторлары Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ның өзара ықпалдастығының 18 жылдық тарихын оңтайлы талдап, республикамыздың 2010 жылы аталған Ұйымға төрағалыққа сайлануы Алаш елі тәуелсіздігіне қол жеткізген жылдардың ішінде саяси, экономикалық және қоғам дамуында қол жеткізген бірегей жетістіктерінің мойындалуы болып табылатынын айқын дәлелдейді. Сонымен қатар, оқырмандар назарына ЕҚЫҰ-дағы қазақстандық төрағалықтың негізгі басымдықтары мен бірінші жартыжылдық шеңберіндегі қызметінің алғашқы қорытындылары ұсынылған.
Кітаптың негізгі бөлімдерінің бірі Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық және ғаламдық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан айтарлықтай үлесіне және жақында Вашингтонда өткен Ғаламдық ядролық саммитте әлемдік қауымдастық тарапынан тиесілі мойындау тапқан еліміздің ядролық қарудан бас тартумен шектелмей, бейбітсүйгіш саясатымызды одан ары жалғастыра білген Елбасы шешімдерінің тарихи маңыздылығына арналған.
Үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жарық көрген бұл кітап жоғары полиграфиялық деңгейде және бай иллюстрациялармен басылып шығарылып, Қазақ елінің саяси дамуынан хабардар болғысы келетін оқырмандарға арналған.
“Егемен-ақпарат”.

Педагогтер халықаралық жарыста топ жарды
Білім • Бүгін, 23:42
Астанада 7-сынып оқушысы буллингті анықтайтын жүйе ұсынды
Елорда • Бүгін, 00:06
Әдебиет • Кеше
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрін құттықтады
Президент • Кеше
Қазақстан биатлоншыларының жекелей сайыстағы нәтижесі қандай?
Олимпиада • Кеше
Астана – Гуанчжоу бағытында жаңа рейс ашылады
Қоғам • Кеше
1 наурыздан бастап көктемгі әскерге шақыру басталады
Әскер • Кеше
Астанада альпинист тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Оқиға • Кеше