Саясат • Бүгін, 08:13

Тариф саясаты: ел мүддесі ескерусіз қалмайды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Уақытша шектеулер аяқталғаннан кейін Үкімет теңгерімді тариф саясатын жүйелі түрде жалғастыруға ниетті. Негізгі ұстаным – халыққа түсетін жүктемені мүмкіндігінше жеңілдетіп, қызмет сапасын арттыру.

Тариф саясаты: ел мүддесі ескерусіз қалмайды

Сурет: jasqazaq.kz

Тарифтерді өзгерту барысында экономикалық негізі жоқ шешімдерге жол берілмейді. Әрбір қадам нақты есепке, нарықтағы ахуалға сүйеніп қабылданады. Бұл өз кезегінде инфляциялық қысымды тежеп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайына кері әсерді барынша азайтпақ. 

Тариф саясатының түпкі мақсаты – халықтың тұрмыс сапасын жақсарту. Осы бағытта инфра­құрылымның тозуына жол бермей, жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізу, апаттардың алдын алу бас­ты назарда ұсталады. Демек тариф тек баға құралы емес, коммуналдық жүйелердің сапасына жауап беретін экономикалық тетікке айналмақ.

Энергетика министрлігінің мәліметіне сәйкес, биыл 1 сәуірден бастап электр энергиясына арналған шекті тарифтер өзгеріссіз қалады. Олар былтырғы деңгейде сақталып отыр. Айта кетейік, 2025 жылғы желтоқсанда 2026– 2032 жылдарға арналған шекті тарифтер бекітіліп, олардың тұрақтылығы алдын ала қарастырылған.

Сонымен қатар жанар-жағар­май бағасы нарық қағидаттарына сай қалыптасады. Дегенмен Үкі­мет бұл саладағы бақылауды босаңсытпай, бағаның күрт әрі негізсіз өсуіне жол бермеуді көздейді. Ел ішінде жанар-жағар­май тапшы­лығы тіркелген жоқ, қажетті қор жеткілікті көлемде жасақталған.

Өңірлерде жергілікті атқарушы органдар, салалық ведомстволар және нарық қатысушылары бірлесе отырып жедел мониторинг жүргізіп жатыр. Арнайы штабтар күн сайын баға деңгейін, жанар-жағармайдың қол­жетімділігі мен жеткізу тізбегін бақы­лауда ұстап отыр. Бұл шаралар ішкі нарықтағы тұрақтылықты сақ­тап, кез келген ауытқуға дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар