Фото: ашық дереккөз
Қажетті құжаттар
Қазақстан азаматтары үшін:
- ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- медициналық құжаттар (денсаулық паспорты 026/у-3 және екпе картасы 065/у);
- 3×4 см өлшеміндегі екі фотосурет.
Мектепалды даярлықтан өткен және сол білім беру ұйымында оқуды жалғастыратын балалар бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады. Бұл ата-аналар үшін рәсімді жеңілдетеді және құжаттарды қайта жинау қажеттілігін жояды. Дегенмен, ата-аналар басқа мектепті таңдауға құқылы, мұндай жағдайда құжаттар жалпы тәртіппен тапсырылады.
Шетел азаматтары үшін:
Шетел азаматтарына да негізгі талаптар ортақ, алайда Қазақстан аумағында заңды тұру құжаты болуы міндетті.
- ата-анасының өтініші;
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- медициналық анықтама;
- 3×4 см фотосуреттер;
- Қазақстанда заңды тұратынын растайтын құжат (ықтиярхат, уақытша тұруға рұқсат, босқын немесе қандас куәлігі және т.б.);
- жеке басын куәландыратын құжат және көші-қон картасы.
Шетелден келген балалар мектепке олардың білім деңгейі ескеріле отырып қабылданады. Құжаттар толық болмаған жағдайда, шешімді арнайы комиссия қабылдайды.
Қосымша сұрақтар бойынша (8-7212) 50-45-25 нөміріне хабарласуға болады.