Білім • Кеше

Астанада «STAKEHOLDER – бала тәрбиесіндегі бірлік» атты ата-аналар форумы өтті

100 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

3 сәуір күні Астана қаласындағы Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде «STAKEHOLDER – бала тәрбиесіндегі бірлік» атты республикалық спикерлердің қатысуымен қалалық ата-аналар форумы өтті.

Астанада «STAKEHOLDER – бала тәрбиесіндегі бірлік» атты ата-аналар форумы өтті

Іс-шараға жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары, қалалық ұйымдардың сарапшылары мен өкілдері, сондай-ақ білім алушылардың ата-аналары қатысты.а

Форумның негізгі мақсаты – мектеп, отбасы және қауымдастық арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, біртұтас тәрбиелік кеңістікті қалыптастыру, ата-аналар мен педагогтер арасындағы серіктестікті нығайту және баланың тұлғалық әрі азаматтық дамуын қолдау болды.

Пленарлық бөлімде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов пен «Білім Болашағы» қоғамдық қорының директоры Шолпан Қадырова құттықтау сөз сөйлеп, форум жұмысына сәттілік тіледі.о

Форум барысында «BINOM EDUCATION» білім беру қорының тәрбие жұмысы жөніндегі бөлім басшысы Дастан Мұхтар «Эмоцияны түсіну – тәрбиенің жаңа тілі» тақырыбында баяндама жасап, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы ой бөлісті.

Сонымен қатар, сертификатталған гештальт-психолог, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Суицидтің алдын алу жөніндегі жобалық кеңсенің бас консультанты Лейла Мирас «4 шага бережного родительства» атты тренинг өткізіп, ата-аналарға бала тәрбиесіндегі заманауи тәсілдерді ұсынды.д

Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Адилет Мукушев және кеңес мүшелері Жанат Шамакова мен Берікхан Нұрғалиев «Отбасы мен мектеп серіктестігі: ресурстар және олардың мектеп әл-ауқатына қосатын үлесі» тақырыбында тренинг ұйымдастырды.

Ал Qundylyq.kz мұғалімдерді кәсіби дамыту орталығының педагог-тренері Абылай Нұрдәулет «Құндылықтарға негізделген үштік одақ» тақырыбында сөз сөйлеп, тәрбие жүйесіндегі өзекті мәселелерге назар аудартты.д

Форум аясында 10-сынып оқушысы Алдияр Жомарт «SEL: жайлы орта – жарқын болашақ» тақырыбында пікір білдіріп, қолайлы білім беру ортасының оқушы дамуына ықпалын атап өтті.

Сондай-ақ, Қарағанды қаласындағы Ә. Ермеков атындағы мектеп-лицейінің ата-аналар мектебінің үйлестірушісі, Қарағанды облысы Әкелер одағының мүшесі Өмірсерік Несіпбаев «Отбасы мен мектеп серіктестігі – баланың табысты болашағының кепілі» тақырыбында баяндама жасады.

Қарағанды облыстық Әкелер одағының мүшесі, Абай атындағы мектеп-гимназиясының белсенді әкесі Марат Пірметов «Әкелер одағы: бала тәрбиесіндегі бірлік пен жауапкершілік» тақырыбында әкенің отбасыдағы рөліне тоқталды.ж

Іс-шара барысында мектеп түлектері Мейірлан Төлеуіш пен Мансұр Жәкен «BINOM – армандар орындалатын бақыт мекені» атты тренинг-практикум өткізіп, білім ордасынан алған тәжірибелерінің өмірлік маңызы туралы айтты.

Форум қорытындысында мектеп директоры Сатжан Омаров ата-аналар қауымдастығы мен білім беру ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтіп, мұндай алаңдардың тәжірибе алмасу үшін тиімді екенін жеткізді.л

Кері байланыс барысында ата-аналар мен қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, өз ұсыныстарын ортаға салды. Іс-шара ұлттық нақыштағы музыкалық қойылыммен және алғыс білдіру рәсімімен қорытындыланды.

Аталған форум білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасуға, мектеп пен отбасы арасындағы серіктестікті нығайтуға және жас ұрпақты жауапты, саналы азамат ретінде тәрбиелеуге бағытталған маңызды алаң болды.о

Соңғы жаңалықтар