Фото: olympic.kz
6 сәуір Ұлан-Батыр шаршы алаңына 7 боксшымыз көтеріледі. Оның ішінде ел намысын 3 былғары қолғап шебері қорғап үлгерді.
70 келіде Бақыт Сейдіш 1/2 финалда Қытай спортшысы Алимир Абудуреймумен күндізгі сессияны ашып, қарсыласын 5:0 есебімен жеңді.
75 келідегі Валентина Хальзова 1/2 финалда Қытайдың тағы бір боксшысы Зи Баомен жұдырықтасты. Тәжірибелі отандасымыз бұл жолы 3:1 есебімен Қытай қызына жол берді.
Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов ширек финалда жеңіске жетті
Сондай-ақ 55 келіде 2 дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 1/2 финалда жарыс қожайыны Билгуунсайхан Хархуумен қолғап түйістірді.
3 раунд бойы отандасымыз қарсыласына қысым жасауға тырысқанымен, төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Моңғолия боксшысына берді.
Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова жылдың үздік боксшысы атанды
Осылайша, Бақыт Сейдіш Азия чемпионатының алтыны үшін финалда бақ сынайды. Ал Валентина Хальзова мен Махмұд Сабырхан қола жүлдеге қол жеткізді.