Фото: Алматы қаласы әкімдігі
2026 жылға жоспарланған жасыл желек көлемі:
- 7,2 мыңнан астам ірі көлемді ағаш (биіктігі 5-6 метр);
- 500 мыңнан астам бұта;
- 40 мыңға жуық кесілген ағаштың орнына көшет (2-2,5 м).
Астаналық студенттер «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізді
Көктемгі маусымға жоспар бойынша 19 мыңға жуық жасыл желек отырғызылады, оның ішінде:
- 3,7 мың ірі көлемді ағаш;
- 15 мың кесілген ағаштың орнына егілетін көшет.
Қазірдің өзінде 6 мыңнан астам жасыл желек егілді: 2,6 мың ірі көлемді ағаш және 4 мың көшет.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Садықов көшесі бойында 80 ірі көлемді ағаштан (5-6 м) тұратын жаңа аллея ашылады.
«Негізгі басымдық – егілген өсімдіктердің жақсы жерсінуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қаланың климатына төзімді түрлерді таңдау.
Алматы жыл сайын жасыл желегі көбейіп, тұрғындар үшін өмір сүруге жайлы қалаға айналып келеді», делінген хабарламада.