Сурет ЖИ көмегімен жасалған
Жазғы олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спортшыларымыз 138 медаль (51 алтын, 39 күміс, 48 қола) жеңіп алды. Бұл – Қазақстанның әлемдік спорттағы тұрақты өсімін көрсететін маңызды көрсеткіш.
Ұлттық спорт түрлері де назардан тыс қалмады. Қазақстан құрамасы 22 медаль иеленіп (9 алтын, 6 күміс, 7 қола), дәстүрлі спорттың дамып келе жатқанын дәлелдеді. Бұл бағыт ұлттық мұраны сақтаумен қатар, халықаралық деңгейде де танытуға мүмкіндік беріп отыр.
Параспортшылар да жоғары нәтиже көрсетті. Жалпы 34 медаль (15 алтын, 10 күміс, 9 қола) жеңіп алған олар ел мерейін асырды. Оның ішінде:
- Паралимпиадалық спорт түрлерінде – 24 медаль (7 алтын, 8 күміс, 9 қола)
- Паралимпиадалық емес бағытта – 10 медаль (8 алтын, 2 күміс)
Бұл көрсеткіш инклюзивті спорттың қарқынды дамып келе жатқанын аңғартады.
Қысқы Паралимпиада аяқталды: Қазақстан жалпы есепте қандай нәтиже көрсетті?
Қысқы спорт түрлерінде де жетістік бар. Спортшыларымыз 6 медаль (4 алтын, 2 күміс) жеңіп алды. Бұл Қазақстанның қысқы спорттағы әлеуетін айқындай түседі.
Бірқатар жас спортшы халықаралық додаларда топ жарды:
- Велотректен Қазақстанның жасөспірім қыздар құрамасы Филиппиннің Тагайтай қаласында өткен Азия чемпионатында командалық із кесу жарысында алтын медаль жеңіп алды.
- Фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Асан Асылхан (103,35 ұпай) алтын, ал Дінмұхамед Райымқұлов (92,82 ұпай) күміс жүлдегер атанды.
- Спорттық гимнастикадан Милад Карими Баку қаласында өткен Әлем кубогінде 2 күміс медаль иеленді.
- Конькиші Кристина Шумекова жасөспірімдер арасындағы әлемнің абсолютті чемпионы атанып, 5 алтын медаль жеңіп алды. Бұл – отандық спорт тарихындағы айтулы жетістік.
Сала министрлігі спортшыларды даярлау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді. Бұл – алдағы кезеңде де Қазақстан спортшыларының жеңісті жолына негіз болмақ.
Олимпиадаға дайындық барысын қолдау: Спортшыларға қомақты қаржы берілді