«Ланцелот» мейрамханасынан шыққан өрт электр желісінің қысқаша тұйықталуынан болуы мүмкін. Бұл туралы өрт сөндіру қызметі брифингте хабарлады. Жалпы оның өртеніп жатқаны жайлы хабар өрт сөндірушілерге 16 сағат 30 минутта түскен. Қызыл жалынды құрықтауға 11 техника мен 30 адам жұмылдырылған. Мамандар алдымен мейрамхана қызметкерлерін қауіпсіз жерге шығарып, алаулаған жалынның көрші үйлерге жайылып кетпеуіне назар аударған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, өрттің қызуының күштілігі сондай, көрші ғимараттардың сырты балқып кеткен. Өрт кезінде көрші үйдің терезелері сынып, дуалды бойлай өскен қылқан жапырақты ағаштары жанған.
– Өрт кезінде мейрамханадан бір бос, бір толық газ балонын алып шықтық. Мұның өзі мұнда өрт қауіпсіздігі сақталмайтынын көрсетеді. 2012 жылы осы мейрамхананы тексеру барысында өрт қауіпсіздігі сақталмайтыны анықталған болатын. Сол кезде қожайынға айыппұл салынған-ды. Алайда, ол өткеннің ащы сабақтарынан қорытынды шығармаған болып шықты, дейді өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Дархан Халмұратов.
Отқа оранған аумақ 700 шаршы метрді құрайды. Қызыл жалынды бұғалықтау1,5 сағатқа созылған. Ал, мамандар мейрамхананың өртенуі электр желісінің қысқаша тұйықталуынан болды деп болжап отыр.
«Ланцелот» мейрамханасының қожайыны Овик Арсенян өрт шыққан күні қалада болмаған. Күлге айналған мейрамханасын көргенде, қызметкерлер мен көршілерінің амандығына мың тәубе дегенін айтады.
Бұл биылдыққа тіркелген ең ірі өрт оқиғасы көрінеді. Тап сол күні Ақтөбеде 20 жерде өрт болған. Ауа райының аптап ыстық екенін ескерсек өрт қаупі әлі сейілмейтіні белгілі. Сондықтан өртті болдырмауда аса сақтық керектігі айтпаса да түсінікті.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе қаласы.

Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Қазақстан • Бүгін, 17:11
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеу неге қиын? Министрлік жүйедегі ақауларды түсіндірді
Оқиға • Бүгін, 16:59
Ербол Тұяқбаев еңбек қауіпсіздігін дамытудың негізгі бағыттарын атады
Қоғам • Бүгін, 16:37
Соңғы бес жылдағы оң өзгеріс: Елімізде өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 16:22
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Қоғам • Бүгін, 16:17