АСТАНА. 27 наурыз. Тәжікстанда Ұлттық театрдың құрылысы басталды. Ел президенті Эмомали Рахмонов алғашқы іргетасын қалаған мәдени ошақ Орта Азиядағы ең үлкен театр болады деп күтілуде. Бұл туралы news-asia.ru хабарлады.
Президенттің баспасөз қызметі таратқан мәліметте театр Душанбедегі Ұлттық музейдің қасына салынатыны айтылған. Биіктігі 34,5 метрді құрайтын жаңа нысан 5 қабаттан тұрады. Одан бөлек, тағы екі жерасты қабаты бар. Көрермендерге арналған үш зал болмақ. Ең үлкені 2 500 адамға арналған. Ал қалған екеуі 1 200 және 1 000 орындық. Театрдың техникалық жабдықтары әлемдік стандарттарға толық жауап береді. Ғимараттың жоғарғы қабаттарында көрме және қолөнер бұйымдарына арналған залдар мен дайындық бөлмелері орналасады. Жерасты қабатында 250 орындық автотұрақ пен техникалық жайлар болады.
Ұлттық театрдың жобасы 5 жыл бойы дайындалған. Осы уақыт аралығында тәжік сәулетшілері әлемдегі ең танымал театрлардың дизайнымен танысып, зерттеу жұмыстарын жүргізген. Осыған қарап сарапшылар жаңа театр Орта Азиядағы теңдесі жоқ мәдени нысан болады деп баға беруде.
Алайда, бұл жаңалыққа Тәжікстан халқы аса қатты қуана қойған жоқ. Тіпті кейбір тәуелсіз журналистер елдің осыншалықты аста-төк құрылыс жүргізетіндей жөні жоқ екенін айтуда. Елдегі Тәуелсіз БАҚ өкілдері ұлттық қауымдастығының басшысы Нуриддин Каршибаев: «Шыны керек, бұл хабар көптеген тәжікстандықтың ашу-ызасын тудырды. Себебі, бізде күнделікті бір тілім нанға зар болып отырғандар бар. Мұндай ірі театрға дәл қазір тәжік халқы мұқтаж емес. Өйткені, бұл біздің шама-шарқымызға сай дүние емес», – дейді.
Сондай-ақ, ол Үкіметтің осындай жұмысты қолға алмастан бұрын халықтың пікірімен санасуы керектігін айтты. «Билік кез келген бастаманы қолға аларда алдымен қарапайым халыққа қолжетімді болуын ойлауы керек. Миллиондаған қаржы жұмсап Душанбеде «Кохи Навруз» атты салтанат сарайын салды. Сол жерге кіріп-шыққан қарапайым халықтың қарасын көрмейсіз. Елдің игілігіне салынбаған соң, мұндай нысандардың құны көк тиын. Қазір көрпеге қарап көсілетін заман», – деді Каршибаев.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: news-asia.ru.
• 27 Наурыз, 2015
Тәжікстанда Орта Азиядағы ең үлкен театр салынады

Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Бүгін, 21:33
Шетелдік инвестордың құқығы қорғалды: 3,5 млрд теңге толық өтелді
Оқиға • Бүгін, 21:06
Бағалы қағаздар нарығы: Қазақстанда бастапқы дилерлер институты енгізіледі
Қаржы • Бүгін, 20:33
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Бүгін, 20:11
Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Қаржы • Бүгін, 19:53
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 19:33
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50