Әлем • Бүгін, 11:14

Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Пасха мерекесіне орай уақытша атысты тоқтату туралы шешім қабылдады. Кремль таратқан мәліметке сәйкес, режим 11 сәуір күні Мәскеу уақытымен 16:00-де басталып, 12 сәуірдің соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады

Ресей Қорғаныс министрі Андрей Белоусов пен Бас штаб бастығы Валерий Герасимовқа осы уақыт аралығында әскери қимылдарды тоқтату жөнінде тапсырма берілді.

Кремль хабарламасында Ресей тарапы Украина да осы бастаманы қолдайды деген үміт білдірген.

Ресей мұнайының Қазақстан арқылы транзиті 2027 жылға дейін жалғасады

Айта кетейік, 2025 жылы да Пасха қарсаңында үш күндік атысты тоқтату режимі жарияланған болатын (19-21 сәуір аралығы). Ол кезде Ресей басшысы Владимир Путин тараптар келісімді бұзуы мүмкін жағдайларға дайын болу қажеттігін атап өткен еді. Оның айтуынша, бұған дейін Украина энергетикалық инфрақұрылымға соққы жасамау жөніндегі келісімді 100-ден астам рет бұзған.

Сол жылы Ресей Қорғаныс министрлігі Украина қарулы күштері атысты тоқтату режимін бірнеше рет бұзғанын хабарлаған. Ведомство деректеріне сәйкес, украин тарапынан Ресей әскери позицияларына миномет пен артиллериядан 444 рет оқ атылып, 900-ге жуық дрон соққысы жасалған. Сондай-ақ Брянск, Курск және Белгород облыстарының шекаралас аймақтары да атқылауға ұшырағаны айтылған.

Ресей билігі ірі компаниялардан VPN қолданушыларын шектеуді талап етті

Бұған дейінгі Пасха қарсаңында тараптар тұтқындармен алмасқан. Ресейге 246 әскери қызметкер қайтарылып, Украина да дәл осынша сарбазын алған еді.

Соңғы жаңалықтар

Ертіс өзенінде сең қозғалды

Табиғат • Бүгін, 09:45