Медицина • Бүгін, 08:07

Көптің алғысына бөленген дәрігер

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қарбалас тіршілікте азаматтық ұстанымына, кәсіби міндетіне дақ түсірмей жүрген жақсы-жайсаңдармен жиі ұшырасамыз. Халықтың батасын алған осындай азаматтардың қатарына жоғары санаттағы хирург-уролог, медицина ғылымдарының докторы Сүният Құсымжановты қоссақ әбден болады. Ол – «Академик Б.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы» АҚ бөлім меңгерушісі, профессор, «Алтын қандауыр» сыйлығының лауреаты.

Көптің алғысына бөленген дәрігер

Сүният Мырзекенұлы – Семей қаласының тумасы.  Алматы мемлекеттік медицина институтын жалпы медицина мамандығы бойынша тәмамдаған. Докторлық диссертациясын сәтті қор­ғап, ғылымда да жетістікке қол жеткізді. Урология ғылы­ми орталығының реконс­труктивті-пластикалық урология бөлімшесін 35 жылдан бері абыроймен бас­қарып келеді. Барар жер, басар тауы қалмай, жалғыз үмітін арқалап келген талай науқасты аяққа тұр­ғызды, сауығуына себепші бол­ды. Орталық еліміздегі же­тек­ші ұйымдардың бірі са­налады. Жыл сайын 4 мың­­нан астам науқасқа жоғары тех­но­логиялық-меди­цина­лық көмек көрсетеді. Пациент­тердің шамамен жартысына жуығы Алматы қаласының тұрғыны болса, өзге облыстардан келетіндердің үлесі де сол шамада.

Сүният Мырзекенұлы осы орталықта жүріп, 10 мың­нан аса операция жасады. Ор­та­лықтың мықтап қалып­тасуы­на, дамып, өркендеуіне үлес қосты. Отандық уро­­логияда лапароскопия, эндо­бейнехирургия сынды жаңа тәсілді енгізуге бастамашы болды. Есесіне, операция­ның осы түрі дәстүрлі, ашық, жарақатқа байланысты операцияларды, ең күрделі саналатын реконструктивті, пластикалық операцияларды алмастырды. Бұл дегеніңіз – урологияда бұрын күрделі саналған бірнеше операция­ны енді тілік жасамай емдеуге болады деген сөз. Ол гидронефроз, операция­дан кейінгі стриктуралар, ятрогенді, операция кезінде­гі зәр шығару жолдарының жарақаттары сынды басқа да күрделі патологияларға арналған бірнеше күрделі ре­конструктивті хирургиялық әдістерді әзірлеп, клиникалық тәжірибеге енгізді.

ир

Профессор С.Құсымжанов өзінің жылдар бойы жиған тә­жі­ри­бесін жастарға үйретуді кәсіби міндеті әрі ағалық ізеті санайды. Содан болар, бір операциядан екіншісіне кіріп, тұтас бөлімнің жұмысына жауапты болса да, жоғары білікті урологтерді даярлауға үлес қосып келеді. Ол – Еуропалық урологтер қауымдастығы­ның, Халықаралық урологтер қоғамының, Ресей урология ғылыми қоғамының мүшесі. Есімі клиникалық пәндер жөніндегі медицина сарапшыларының халық­аралық тізіліміне енген. С.Құсымжанов әзірлеген хи­рур­гиялық араласулар мен лапароскопиялық емшаралар еліміздің 27 патентімен, 4 халықаралық патентпен расталған.

Мамандығына адал дәрі­гер­дің медицинадағы осындай бастамаларына, қажырлы еңбегіне сай алған атақ, марапаты да жетеді.  Дегенмен, С.Құсымжановтың өзі ең үлкен марапат халықтың батасы, алғысы, ықыласы екенін үнемі айтып отырады. Елге сыйлы дәрігер отандық медицинаның көкжиегін кеңейтуден әлі күнге қол үзген жоқ. Осының барлығын саралап, қорыта келіп, Сүният Құсымжановты «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына әбден лайық деп санаймыз.

 

Мұратбек МҰХАМБЕКОВ,

экономика ғылымдарының докторы, профессор

Соңғы жаңалықтар

Кітап апталығы басталды

Руханият • Бүгін, 09:25

500 команда білім жарыстырды

Қоғам • Бүгін, 09:22

Бостандық жолы бұралаң...

Әдебиет • Бүгін, 09:20

Он мың ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:18

Бибісараның тағы бір белесі

Шахмат • Бүгін, 09:15