Қазақстан • Бүгін, 14:42

Қазақстаннан Дубайға рейстер 31 мамырға дейін тоқтатылды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяу Шығыстағы шиеленістің жалғасуына байланысты Air Astana әуекомпаниясы Дубайға тұрақты рейстердің уақытша тоқтатылуын 31 мамырға дейін ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстаннан Дубайға рейстер 31 мамырға дейін тоқтатылды

Air Astana орындалмайтын рейстер жолаушыларына әуекомпания әуе билеттерінің толық құнын айыппұлсыз қайтарады немесе сол қызмет көрсету класында 31 шілдеге дейін ұшатын рейстеріне тегін қайта брондауды ұсынады.

Қатар халықаралық рейстерді қайта аша бастады

Сондай-ақ тариф пен әуежай алымдарындағы айырманы төлеу арқылы ұшу мерзімі 31 шілдеге дейін Air Astana рейстеріне бағытты тегін өзгерту мүмкіндігі қарастырылған.

Егер билет бұрын айыппұл ұсталып қайта брондалған болса, ұсталған сома қайтарылмайды.

Ақтау мен Астанадан Ереванға тікелей рейстер ашылды

Әуекомпания өңірдегі жағдайды жіті бақылап, қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар етеді.

Соңғы жаңалықтар