Фото: Ашық дереккөз
Депутаттың айтуынша, Жоғары аудиторлық палатаның деректеріне сәйкес, мемлекет бірыңғай жоғары білім платформасын тегін алуы тиіс болған. Алайда кейіннен жүйеге қатысты құқықтар мемлекеттік емес, жеке тұлғаның атына рәсімделген. Соның салдарынан мемлекет маңызды цифрлық ресурсқа иелік ету құқығынан айырылған.
Сондай-ақ Базарбек конкурсқа қатысқан екі компания – Flowport және Platonus ЖШС-нің құрылтайшысы бір адам екенін атап өтті. Оның пікірінше, формалды түрде бәсекелестік болғанымен, іс жүзінде конкурсқа өзара байланысты құрылымдар ғана қатысқан.
«Техникалық талаптар тым тар шеңберде жазылған, соның салдарынан басқа компаниялар қатыса алмайды. Қазір 100-ден астам жоғары оқу орны осы жүйе арқылы жұмыс істейді. Бұл – елеулі мәселе», деді депутат.
Өз кезегінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұл мәселенің болғанын мойындады. Оның айтуынша, министрліктер қайта құрылған кезде жүйе басқа ведомствоның қарамағында қалып, жаңа платформа жедел түрде жасалған. Құқықтарды рәсімдеу барысында техникалық қателік кеткен.
Министр қазіргі таңда аталған мәселе толық шешілгенін, яғни жүйеге қатысты барлық мүліктік құқықтар мемлекетке берілгенін айтты. Сонымен қатар Жоғары аудиторлық палатаның ескертулерінен кейін конкурс шарттары қайта қаралып, жаңа сатып алу ашық түрде өткізілетінін жеткізді.
Депутат: Стационардан шыққан нашақорларға әлеуметтік қолдау қажет
Алайда депутат бұл жауапқа қанағаттанбай, мәселенің бұрын жасалған келісімшартқа қатысты екенін тағы да көтерді. Министр өз кезегінде барлық ескертулер орындалғанын және конкурс талаптары түзетілетінін қайталады.