Фото: gov.kz
Фестивальдің ашылуына Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, бүгінде технологиялар мен жасанды интеллектіні дамыту өңірдің және тұтас елдің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын басты факторлардың біріне айналғанын атап өтті.
«Бүгінде цифрландыру, роботтандыру және жасанды интеллект өндіріс, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру және қызмет көрсету салаларына кеңінен еніп отыр. Біздің басты міндетіміз – білім экономикасын қалыптастырып, жаңа буын мамандарын даярлау», деді өңір басшысы.

Фестивальге Нобель сыйлығының 2007 жылғы лауреаты, оңтүстіккореялық дипломат және ғалым Ра Квон Чунгтың онлайн байланыс арқылы қосылды.
Кітап оқуға құштарлық: Қостанайдағы кітапханашылар әулетінің өнегесі
Өз сөзінде ол технологиялық дамудың тұрақты даму және экологиялық жауапкершілікпен тығыз байланыста жүруі қажеттігін ерекше атап өтті.
«Экономикалық өсім болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік пен қоршаған ортаға деген қамқорлықтан тұрады, деді Нобель лауреаты фестиваль қатысушыларына арнаған үндеуінде.
Осындай халықаралық деңгейдегі спикердің қатысуы форумның мәртебесін арттырып, оны технологиялар мен болашақ мәселелері жөніндегі жаһандық диалог алаңы ретінде айқындай түсті.

Қазір фестиваль аясында интерактивті аймақтар, заманауи технологиялар көрмесі, VR және AI алаңдары, робототехника зертханалары, киберспорт аренасы, балалар мен ересектерге арналған ғылыми шоулар жұмыс істеп жатыр.
Қонақтардың ерекше қызығушылығын виртуалды шындық арқылы ауыл шаруашылығы техникасын басқару, электромобиль құрастыру желілерінің симуляциясы және инженерлік шеберлік сабақтары тудырып отыр.
