Аталған акцияға 980 мыңға жуық адам қатысып, 253 мыңға жуық ағаш отырғызылған. Сондай-ақ бір күнде 46 мың гектардан астам аумақ тазартылған. Іс-шараға 200-ден астам ірі өндірістік кәсіпорын атсалысқан. Сонымен қатар, биыл 100 жылдық мерейтойын атап өтіп отырған Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы, Баянауыл ұлттық паркі, Жайық пен Шаған өзендерінің жайылмалары аумақтарында тазалық жұмыстары мен ағаш отырғызу іс-шарасы ұйымдастырылды.
Акция аясында еліміздің барлық өңірі бір мезетте қосылған жалпыұлттық телекөпір ұйымдастырылып, бұл бастаманың бүкілхалықтық сипат алғанын айқын көрсетті.
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
Тікелей бейнеконференция режимінде өңір әкімдері, еріктілер және қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен Мемлекет басшысы жазғы экологиялық шаралардың республикалық кезеңіне ресми түрде старт берді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» қағидаттары біртұтас құндылықтар жүйесін құрай отырып, күнделікті басқару мен қоғамдық өмірде берік орнығуы тиіс екенін жеткізді.
Өз сөзінде Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» қозғалысының бастау алғанына екі жыл болғанын еске салып, акцияға қатысушыларға, әсіресе жастарға ризашылығын білдірді.
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бастамасын іске асыру кезеңінде (2024-2026 жылдар аралығы) ел бойынша 1 477 экологиялық акция өткізілген. Оларға 13,1 миллион адам қатысып, 2 миллион тоннаға жуық қалдық жиналды, 2,8 миллион гектар аумақ тазартылды және 5,5 миллионнан астам ағаш отырғызылды.