Бұл талап ауа райы, медициналық немесе қызметтік қажеттілік жағдайларында қолданылмайды.
Қоғамдық орындарда тұмшаланып жүру: Алматы полициясы даулы видеоға қатысты мәлімдеме жасады
Бетті жабуға мына жағдайларда ғана рұқсат етіледі:
- қызметтік міндеттерді атқару кезінде қорғаныс құралдарын қолданатын мамандарға;
- медициналық көрсеткіштер бойынша, соның ішінде медициналық маскаларды тағуға;
- төтенше жағдайлар кезінде;
- қолайсыз ауа райында – қатты аяз, шаңды дауыл және т.б.;
- спорттық, мәдени және мерекелік іс-шаралар кезінде.
Полицейлер жаңа талаптар азаматтардың құқықтарын шектемейтінін, керісінше тыныштықты қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталғанын ескертіп отыр.