ҚЫЗЫЛОРДА. 17 тамыз. Қызылордалық полицейлер азаматтардан тәркіленген қару, оқ-дәрі және суық қаруларды айналымнан алып тастау мақсатында қару жою науқанын өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Арнайы мақсаттағы техникалық комиссия құрылып, құрамына облыстық ішкі істер департаментінің тиісті сала қызметкерлері мен Қызылорда облыстық прокуратурасының өкілі қатыстырылды. 2015 жылдың ІІІ тоқсанында жойылатын қаруларға жарамсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 90 бірлік қару, атап айтқанда, 72 тегіс ұңғылы қару мен 18 газды травматикалық қару жойылды.
Айта кетерлік жайт, осы жылы заңсыз айналымнан алынған атыс қарулары 3-ші рет жойылып отыр. Жыл басынан бері полиция қызметкерлерімен 171 қаруға белгіленген тәртіпке сай жою процесі жүргізілді.
Ержан Байтілес.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: vk34.ru.
• 17 Тамыз, 2015
Қызылордалық полицейлер айналымнан алынған қаруды жойды

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше