Президент • Бүгін, 12:18

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барды

Фото: Ақорда

Бүгін Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өтеді.  

Еске сала кетейік, 13 мамырда Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Оны әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаев өзі қарсы алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында Режеп Тайип Ердоғанмен бірге түскен фотосын жариялады.

Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды. Сондай-ақ екі ел басшылары Қазақстан-Түркия бизнес форумына қатысты.

Соңғы жаңалықтар