Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Тұрғанқұлов Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының басшысы Корнелия Виллемиен Анке Йонкер ханыммен кездесті.
Кездесуге, сондай-ақ, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы басшысының орынбасары Меган МакКейб Фитцжеральд, Ортсайлауком төрағасының орынбасары В.К.Фоос, ОСК мүшелері Т.В.Охлопкова мен М.А.Сәрсембаев, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының құқықтық мәселелер жөніндегі маманы Мерсе Кастеллс Висенте, сайлау мәселелері жөніндегі маманы Лусиан Рауль Мюресан және ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның сайлау жөніндегі кеңесшісі Радивое Груичь қатысты.
Ортсайлауком басшысы Йонкер ханымды Орталық сайлау комиссиясының кезектен тыс сайлауды әзірлеу және өткізу жөніндегі жұмысымен, сайлау науқанының негізгі кезеңдері және оның ерекшеліктерімен таныстырды.
«Біз ынтымақтастыққа дайынбыз, халықаралық байқаушылар үшін ашықпыз және олардың байқауға қатысуын алдағы сайлаудың жариялы, транспаренттік, айқындық ахуалын қамтамасыз етуге, сайлау процесіне барлық қатысушылардың бізге деген сенімін арттыруға себептесу ретінде қарастырамыз», деп атап өтті Қ.Тұрғанқұлов.
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының басшысы сайлау науқаны барысын байқауға қатысуға шақыру үшін ризашылығын, сонымен қатар, Миссия сарапшыларының Ортсайлауком мүшелерімен сайлау процесінің барлық аспектілеріндегі ынтымақтастығы тығыз және кәсіби болатындығына сенім білдірді. «Ынтымақтастық оң және тиімді боларына сенім білдіреміз, – деді ол. – Бізде өзара іс-қимыл тәжірибесі бар. Ортсайлауком өкілдері Миссия өкілдерін бүкіл науқан бойы қызықтырған барлық мәселелерді жұмыс бабында талқылай алады деп ойлаймын».
Кездесу барысында, сондай-ақ, қазақстандық билік пен сайлау органдары сайлау науқаны сайлау заңнамасының нормалары мен демократиялық сайлаудың жалпыға танымал халықаралық қағидаттарына қатаң сәйкес түрде өтетініне бар күшін салатыны атап өтілді.
Кездесу соңында Қ.Тұрғанқұлов ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының сарапшыларына сайлауды әділ және адал байқауда табыс тіледі. «Миссия сарапшыларының, Ортсайлауком мүшелері мен барлық сайлау процесіне қатысушылардың мүддесі толығымен сәйкес келеді деп ойлаймын», деп атап өтті ол.

Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10