Кеше Қазақстан президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабы мүшелерінің ел өңірі бойынша үгіт-насихатының сапары басталды. Олардың бірінші кезекте Қарағанды облысына баруының символдық маңызы ерекше. Өйткені, Елбасының еңбек жолы тап осы өңірден бастау алған болатын.
Делегация құрамында Республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстан Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков, мемлекет қайраткері Оралбай Әбдікәрімов, Мәжіліс депутаттары Майра Айсина, Асқар Базарбаев, Мұхтар Тінікеев пен Серікжан Қанаев, Сенат депутаты Мұхтар Алтынбаев, Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев және тағы да басқа танымал қазақстандықтар бар.
Еліміздің өндіріс орталығында өңір белсенділерімен, студент жастармен, кәсіпкерлермен, «Арселор Митталл Теміртау» АҚ кеншілерімен және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті.
Қарағандылықтар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа индустриялық-инновациялық бағдарламаны жеделдеткені үшін алғыстарын білдірді, тек соңғы 5 жылда ғана оның шеңберінде облыста 59 кәсіпорын іске қосылып, 5000 жұмыс орны құрылды.
Өңірдегі қоғам қайраткері Татьяна Савицкая еліміздегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен тыныштықты қамтамасыз еткені үшін барлық қазақстандық әйелдердің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген ризашылықтарының шексіз екендігін жеткізді.
Республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстанның елімізді дамудың жаңа сапалы деңгейіне алып шығатын орасан ұлы өзгерістердің табалдырығында тұрғанын атап өтті.
Кездесуге мыңдаған қарағандылықтар қатысты. Өз сөздерінде олар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізген саясатының арқасында Қазақстанның орасан зор табыстарға қол жеткізгеніне ерекше тоқталды.
Адамдар біздің еліміздің басшылығында тек мықты лидердің болғанын қалайды. Сондықтан да Қарағанды облысының тұрғындары 2015 жылдың 26 сәуірінде республикамыздың өсіп-өркендеуі, яғни Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үшін дауыс беретіндерін мәлімдеді.
Айқын НЕСІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ҚАРАҒАНДЫ.

Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10