Биылғы 1 сәуірден бастап «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заң мен осы жылғы 20 ақпандағы №1011 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын үстіміздегі жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша іс-шаралар басталды.
2015 жылдың көктемінде әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ, оқу орындарынан шығарылған, 27 жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген 29 мыңнан астам ер азамат мерзімді әскери қызметке шақырылуға жатады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 4 мыңға жуық азаматтарды әскерге шақыру жоспарлануда, ал қалған азаматты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери бөлімдеріне жіберілетін болады.
Заманауи талаптағы әскерге шақырылудың ерекшелігі – оның ашықтығы. Бұл ең алдымен жұртшылық өкілдерінің шақыру комиссиясының жұмысына қатысуы арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі мен Қылмыстық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Жаңа Қылмыстық кодексте әскери борышын өтеуден жалтарғаны үшін жазалау шаралары күшейтілді. Атап айтқанда, заң бұзушыларға ақшалай айыппұл салумен қатар, әскерге шақырудан жүйелі түрде бас тартқан азаматтарды қамауға алу жазасы қарастырылған.
Биыл Қорғаныс министрлігінің басшылығы қойған тапсырмаларға сәйкес жергілікті әскери басқару органдары келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен мерзімді әскери қызмет жауынгерлерінің арақатынасы 80% да 20% құрайтындығын атады. Өткен жылы бұл арақатынас 70% де 30% құраған болатын.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әскерге шақыру науқаны кезінде азаматтарды дәрігерлік куәландыруды қамтамасыз ететін шақыру және медициналық комиссия құрылады.
Естеріңізге сала кетсек, мерзімді әскери қызметке шақыру «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жылына екі мәрте ұйымдастырылып, өткізіледі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары – жасақтау басқармасының бастығы, полковник Амантай Өсербаев, Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Талғат Амангелдиев пен Қорғаныс министрлігі Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясы әскери қызметшілерді (әскери міндетті) сараптау және әскери жоғары оқу орындарын жасақтау бөлімшесінің бастығы, полковник Нұржан Артықов қатысып, жоғарыда айтқан мәселелер туралы жан-жақты ақпарат берген болатын.
Берік САДЫР,
«Егемен Қазақстан».

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10