Оқиға • Бүгін, 10:50

Шымкентте сарышаян көбейді: Зардап шеккендер саны 80-нен асты

1 мин
оқу үшін

Жаз келісімен оңтүстікте улы жәндіктерден зардап шеккен тұрғындар қатары көбейді. Мәселен Шымкент қаласында бүгінгі күнге дейін сарышаян шаққан 80-нен астам тұрғын медициналық көмекке жүгініп, олардың жартысына жуығы ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте сарышаян көбейді: Зардап шеккендер саны 80-нен асты

Фото: istockphoto.com

Мамандар улы жәндіктер негізінен жаңа қоныстанып жатқан аумақтарда көбейгенін айтып отыр. Сарышаяндар көбіне аяқ киім ішіне, кереует астына немесе ылғалды жерлерге тығылатындықтан, тұрғындар оларды байқамай қалып жатады.

Дәрігерлердің мәлімдеуінше, сарышаян шаққан жағдайда адамның тыныс алуы қиындап, өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайларда уақыт жоғалтпай, бірден жедел медициналық көмекке жүгіну қажет.

«Сарышаян көбіне адамды ұйықтап жатқан кезде шағады. Сондықтан жаз айларында далада, жерде жатпау керек. Оның үстіне ылғалды жерде жәндіктердің басқа да түрлері болуы мүмкін. Сол үшін астыға төсеніш төсеп, 10-15 сантиметр биіктікте жату керек», дейді Шымкент қаласы гипербарикалық оксигенация орталығының бас дәрігері Мадина Ермаханбетова.

Ақмола облысында кене шаққан жасөспірім жансақтау бөліміне түсті

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте 14 жастағы баланы сарышаян шағып, дәрігерлер балаға шұғыл ота жасаған болатын.  

Соңғы жаңалықтар

Берлинде бас қосқандар

Таным • Бүгін, 11:18

Ұшақ қонатын күн алыс емес

Аймақтар • Бүгін, 11:17

Жалғыздықты жеңген мейірім

Аймақтар • Бүгін, 11:14

Елдос татамиге оралады

Спорт • Бүгін, 11:08

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 11:05