Есірткі • Бүгін, 16:34

Қарағанды облысында жасөспірім 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды

1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында есірткі заттарын заңсыз сақтап, таратумен айналысты деп айыпталған кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысында жасөспірім 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды

Оқиға өткен жылдың қазан айында Пархоменко зауыты маңында болған. Полиция қызметкерлері қала маңында тұратын жасөспірімді есірткінің жасырын орындарын ұйымдастыру кезінде қолға түсірген.

Тексеру барысында оның жанынан синтетикалық есірткі салынған 40 түйіншек табылған. Тәркіленген тыйым салынған заттардың жалпы салмағы 17,576 грамды құраған.

Есірткі бизнесіне адамдарды тартумен айналысқан call-орталықтар жойылды

Аталған дерек бойынша аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында қажетті сараптамалар жүргізіліп, күдіктінің жеке басына қатысты материалдар жиналды.

Сотқа дейінгі тергеу кезеңінде жасөспірім үйқамақта болған. Іс сотта қаралып, куәгерлердің айғақтары мен сарапшылардың қорытындылары зерттелді.

Шетелден есірткі тасымалдаған әйел бас бостандығынан айырылды

Нәтижесінде сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар