28 Наурыз, 2015

Кремль Аман Төлеевке отставкаға кетуді ұсынып отыр

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24-03-15-tuleev-3

АСТАНА. 28 наурыз. Ресей Федерациясының билігі Кемерово облысының губернаторы Аман Төлеевке орнына лайықты ізбасар қалдырып, отставкаға кетуді ұсынып отыр. Бұл туралы РБК хабарлады. «Кремль Аман Төлеевке Кузбастың губернаторлығы қызметінен кетуі керек екенін бірнеше рет ескертіп үлгерді. Ал Төлеевтің өзі болса, мерейтойлық мерзімге жетіп барып, кеткенді қалайды», - деп атап өтті агенттік. Кремль тарапынан естіліп жатқан бұл ұсыныстың басы өткен жылдың шілде айынан сөре тартады. Ресей билігі бұл ұсынысқа биылғы жылдың басында тағы қайтып оралды. Ол содан бергі аралықта Аман Ғұмарұлының мәселені оңтайлы шешуі керектігін қайта-қайта ескертумен келеді. бұл, біріншіден, губернатордың жасы ұлғайып, денсаулығы сыр бере бастауымен байланысты, екіншіден, «облыстың дамуын жаңа экономикалық модельге көшірудің» қажеттігінен туындап отыр. «Қазіргі экономикалық жағдайда көтеріңкі социалистік міндеттеме қабылдау тәртібімен жұмыс жасайтын «Кемерово социализмі» өміршең емес», - деп атап өтті Кремльге жақын мәнбе осы орайда. Оның айтуынша, үкімет әзірге биліктің рейтингісі жоғары деңгейден көрініп, экономикалық дағдарыс өзінің шарықтау шегіне жетпей тұрған кезде аймаққа «жас леп» келудің маңызы айрықша зор болмақ. Кемерово облыстық әкімшілігінің баспасөз қызметі бұл жағдайға байланысты түсііндірме беруден бас тартқан. Ол: «облыс әкімшілігі ресми хабарлама күтіп отыр» дегеннен арыға бармаған. Ал алдағы сәуір айында Аман Төлеевтің губернаторлығының төртінші мерзімі аяқталады. Мұрат Айтқожа. Мәнбе, сурет: РБК.