28 Наурыз, 2015

«Сарыарқа» жартылай финалдың алғашқы ойынында есе жіберді

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
28-03-2015-Toros 02АСТАНА. 28 наурыз. Жоғары хоккей лигасында «Братина» кубогы үшін сынға түсіп жатқан Қарағандының «Сарыарқасы» жартылай финалдағы алғашқы ойынын өткізді. Біздің команданың бұл сындағы қарсыласы Нефтекамскінің «Торосы» екені белгілі. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Ойын Қарағандыда өтті. Алғашқы кезеңде айдын иелері басым болды. Кездесудің 4-минутында Роберт Макмиллан есеп ашып, «Сарыарқаны» алға шығарды. Ал арада 29 секунд уақыт өткенде есеп біздің пайдамызға 2:0-ге жетті. Бұл жолы мергендігімен Андрей Плеханов көзге түсті. Екінші кезең тең жағдайда өрбіді. Қос тарап қанша тырысқанымен таблодағы есеп өзгерген жоқ. Шешуші кезеңде қонақтар белсенді болды. 41-минутта Кирилл Полозов есеп айырмасын қысқартса, 48-минутта Игорь Скороходов таразы басын теңестірді. Қонақтар екінші шайбаны ойыншы басымдығына ие болған кезде соққанын айта кетейік. Негізгі уақыттың соңына дейін бірін бірі ала алмаған қарсыластар қосымша кезеңге жүгінді. Бұл кезеңнің 3-минутында тағы да «Сарыарқаның» бір хоккейшісі кіші айыппен жазаланып, Нефтекамскіден келген команда тамаша мүмкіндікке ие болды. Берілген оңтайлы сәтті мүлт жібермеген олар жеңіс шайбасын соғып, ойынды өз пайдаларына аяқтады. Командасына жеңіс сыйлаған Кирилл Никоноров екенін айта кетейік. Енді ертең қос қарсылас екінші ойын үшін айдынға шығады. Аталған тартыстың да Қарағандыда өтетіні белгілі. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: thenews.kz.